Басты бет Оқиға Нұр-Сұлтанда белгісіз себеппен екінші сынып оқушысы көз жұмды

Нұр-Сұлтанда белгісіз себеппен екінші сынып оқушысы көз жұмды

Нұр-Сұлтанда 2011 жылы туған қыз көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға елордалық полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат 14 қаңтар күні сағат 19:33-те түскен. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полицейлер бір күн бұрын қыз өзін жайсыз сезінгенін анықтады. Ата-анасы дәрігерге қаратып, ем жаздырып алған. Келесі күні баланың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалады. Оқушы жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бала тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түсті

Еске сала кетейік, жақында елордалық екі жасар қыз тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түскен болатын. Оқиға туралы 26 желтоқсанда «Доктор Бро» жеке клиникасына қызын ертіп барған тұрғын хабарлады.

Тексеріс «Мепивастезин» препаратымен жергілікті анестезия жасалғанын көрсетті, оны төрт жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов не жағдай болғанын анықтап жатқанын және оқиғаны бақылауында ұстайтынын  мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...