Нұр-Сұлтанда бетперде киген бір топ жігіт мейрамханаға баса көктеп кірген (видео)

Фото: instagram.com/denski_blog/ видеосының кадрлары

Елордадағы мейрамханалардың біріндегі төбелес пен атыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жанжал қатысушыларының бірі арадағы мәселені жұдырықпен шешкен соң, бірінше рет оқ жаудырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желідегі видеоролик Instagram-дағы denski_blog парақшасында жарияланған.

Бейнежазбасының сипаттамасына сәйкес, оқиға Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл қарсаңында болған.

Кадрдан бетперде киген бір топ ер азаматтардың мейрамханаға кіргенін байқауға болады.

Кадр сыртындағы дауыс бірнеше уақыттан кейін қонақтар мейрамханадан шығып кеткенін, ал қалған адамдармен арада жанжал туындап, соның барысында бірі тапаншаны алып шығып, бірнеше рет атқанын баяндайды.

Сонымен қатар ролик авторы өзге ер адамның арқасында пышақ ұстап тұрғанын да айта кетеді.

Автордың жазуынша, бұл оқиғаға қатысты елордалық полция қызметі пікір білдірген. Құзырлы органның мәліметінше, атыс 31-ші желтоқсан күні түнде болған. Атыс пен төбелес кезінде ешкім зардап шекпеген.

Аталмыш фактіге қатысты «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жанжалға қатысушылардың барлығы ұсталған.

Оқи отырыңыз: