Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz.
Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында банк менеджері өзінің қызметтік міндетін асыра пайдаланып бірнеше ай бойы түрлі банктік операциялар кезінде клиенттерге тиесілі ақшаны шешіп алып, жымқырып отырғандығы анықталды, деп хабарлады полициядағылар.
Банкте бірнеше жыл жұмыс істеген менеджердің әрекетінен 7 клиент зардап шекті. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 297 мың теңге көлемінде залал келтірілген.
Оқи отырыңыз:
- Иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет?
- «Заңды білмегендіктен, білімі аздықтан…»: Айқын Қуат Хамитовтың «хайп қуамын деп артық кеткенін» айтты
- «Күні кеше құрылған реформа агенттігіне Келімбетов емес Жәкішевті әкеп отырғызу керек еді» — журналист