Астаналық полицейлер өзенге батып бара жатқан әйелді құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға бүгін таңғы сағат бес шамасында болған. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, Бейсекова көшесінің бойындағы көпірдің жанында құрбысының суға батып бара жатқанын айтты.
Оқиға орнына патрульдік полицияның екі экипажы аттанды. Олар әйелді көріп, бірден суға секірді. Оған бірнеше секундтың ішінде жетіп, жағаға қарай апарды. Әйел тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, көмектен бас тартқан. Алайда полицейлер Нұржан Жантаев, Ермек Жәкен мен Ерсұлтан Сарыбаев оны жағаға алып шықты.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын да анықтады.
30 жастағы әйел күйеуімен жанжалдасып, өз-өзіне қол салмақшы болған. Ішімдік ішкеннен кейін суға секіруге бел буған. Қазір оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Айта кетері, былтыр Нұржан Жантаев пен Ерсұлтан Сарыбаев өрт кезінде 70 жастағы қария мен үш айлық баласы бар келіншекті құтқарды. Сол үшін “Ерлігі үшін” наградасымен марапатталды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойды
- Елордалық азамат өзімен танысудан бас тартқан әйелді тонап кетті
- «Әйел адам мотивация беруі керек»: Дінтанушы қазіргі кезде ер азаматтарға не жетіспейтінін айтты