Басты бет Қоғам Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын өздерімен бірге алып келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Sputnik Қазақстанға қала әкімдігі хабарлағандай, әйелдер күндіз министрліктер үйінің жанында, содан кейін жағалауда жиналған, кейін полициямен бірге Республика даңғылына қарай бет алды.

Блогер және Қазақстандағы MMA қозғалысының негізін қалаушы Анатолий Ким жағалаудан трансляция жүргізді.

«Бізге пәтер беруді талап етеміз. 27 мамырда балам қайтыс болды, сал ауруымен ауырды, ұзақ жылдар бойы пәтер кезегінде тұрдық. Балам қайтыс болған кезде мені кезектен шығарып жіберді. Басқа балам жоқ», — деді наразылық білдірушілердің бірі Роза.

Сондай-ақ, адамдар күн көру қиындап кеткеніне шағымданып, жәрдемақыны көбейтуді талап етті.

«Бізге ешкім келмеді» деген әйелдердің сөзін әкімдік өкілдері теріске шығарып, келіссөз жүргізгендерін айтты.

Сондай-ақ митинг болған жерге тәртіп сақшылары келді. Олар ешкімді ұстап әкеткен жоқ.

Айта кету керек, митингіге байланысты елордалық Арбат шұғыл жұмысын тоқтатты, қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысушылар мен музыканттар үйлеріне кетті.

Қазақстан президенті 25 мамырда бейбіт митингілер өткізу туралы заңға қол қойды. Жиналыстан 5 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға хабарлануы керек.

Бейбіт митингілер өткізу туралы заң 6 маусымда күшіне енеді.

Фото: видеодан алынған кадр

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...