Сәрсенбіде елордада Сарайшық көшесіндегі «Арқар» көпірі өртенді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, көпір тірегіндегі 40 шаршы метр электр кабелі жанған.
Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және электр желісі компаниясының қызметкерлері сағат 16.27-де оқиға орнына шықты.
Өрт сағат 17.54-те ауыздықталып, сағат 18.05-те сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ТЖД.