Басты бет Қоғам Дін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібі талқыланды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібі талқыланды

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне дайындық аясында діни форум хатшылығының отырысы болды. Шараға Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы, съезд хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева төрағалық етті, деп хабарлайды MediaWorld.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат басшысы Хатшылық отырысына қатысушыларға арнаған сөзінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізу туралы идеяның авторы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев екенін атап өтті.

«Бүкіл әлем мойындаған бітімгер, өткен жылдары Қазақстанның орасан зор ядролық қару арсеналынан бас тартуына бастамашы болған, тәуелсіздік жылдары ішінде өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегіне айналған елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын барлық ең ірі әлемдік діндер мен  конфессиялардың басшылары қолдады», — деді съезд хатшылығының басшысы.

Дінаралық саммит әлемге барлық діндердің шынайы мақсат-мұратын, ар-ождан және этикалық қағидалардың ортақтығын, олардың бітімгершілік және гуманитарлық зор әлеуетін көрсетеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезі діни қайшылықтарды жамылып іске асырылған бірқатар жосықсыз лаңкестік әрекеттерден кейін адамзат бүкіл әлемді толық дерлік жайлап алған конфессияаралық сенімнің дағдарысын бастан кешкен кезеңде өтті. «Өкінішке қарай, экстремизм, терроризм мәселелері және зорлық-зомбылықтың өзге де түрлері әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Осы жылдар ішінде ғибадатханалары мен діндарларына жалған табынушылар мен экстремистер қастандық жасамаған конфессия жоқ», — деді Дариға Назарбаева.

Съезд хатшылығының басшысы Қазақстанның көрсетіп отырған үлгісі мен әлемдік діни және саяси лидерлердің Съезд декларациясының бағытын жер-жерде ұстануы қақтығыстар орын алған аймақтарда шиеленісті әлсіретуге, өркениеттерді жақындастыруға және жер жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға айтарлықтай ықпал ететініне сенім білдірді.

«Бүгін осы Бейбітшілік және келісім сарайының қонақжай залында біздің, Съезд Хатшылығына қатысушылардың алдында Сіздер өкілдік еткен әрбір конфессия жинақтаған осы көпғасырлық тәжірибені бітімгершілік мақсаттарға пайдалану міндеті тұр. Бұл Сарай төзімділік пен ашықтықтың символы ретінде көпжақты ашық диалог, кездесулер жүргізуге арнайы жобаланып салынған», — деп атап өтті Сенат басшысы.

Отырысқа қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2021 жылға жоспарланған жетінші съезінің күн тәртібін талқылады, сондай-ақ, съезаралық кезеңдегі жұмыс жоспарын әзірледі.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...