Нұр-Сұлтанның полиция департаменті тірек пунктіне жасалған «шабуылға» қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видео Instagram-дағы «Жалобы Астана» аккаунтында жарияланды. Кадрдан қара киім киген бір топ адамның ғимараттың есік-терезесін ұрғылап жатқаны байқалады.
«Бұл тірек пункті емес пе? Не болып жатыр? Оң жағалаудағы үйдің тұрғындары сенбі күні таңертең тарсыл-гүрсіл мен айғай-шудан оянып кетті», — делінген жазбада.
Нұр-Сұлтанның полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Олардың ақпаратынша, 22 тамызда «Байқоңыр» ауданы полиция басқармасының базасында оқу-жаттығу өткен.
«Кеңейтілген жедел тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Ол 23 тамызда да жалғасады», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Полиция елордалықтардан жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.
Оқи отырыңыз:
- Байқоңырда көпбалалы ана сотталды
- Бір бума ақшаны терезеден лақтырып жіберген шенеунік ұсталды – видео
- Қазақстанда жаңа екі электр станциясы пайда болады
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз