Елордада сағат 18:00-де «КамАЗ» пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, «КамАЗ» Ақжол көшесімен қозғалып келе жатқан (Досмұхамедұлы көшесінен Жаңажол көшесіне дейінгі бөліктегі «Гелиос» жанармай стансасына қарсы).
1994 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетті. «МАН» маркалы автобуспен соқтығысты.
Апат салдарынан автобустың 13 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Екі адамның дене мүшесі сынған, өзгелері түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Фото: Нұр-Сұлтан полиция департаменті
Оқи отырыңыз:
- Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды
- 1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады
- 1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз