Басты бет Саясат Парламент Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-і кеңесі басталды

Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-і кеңесі басталды

Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік»  атты Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-і кеңесі басталды. Форумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр, деп хабарлайды MediaWorld.kz тілшісі.

Форум жұмысына Еуропа мен Азиядан 65 елдің парламенттік делегациялары, 14 халықаралық парламенттік ұйымдардың өкілдері қатысуда. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары, Халықтың қоныстану және дамыу жөніндегі парламантарийлердің Азиялық форумы, Еуропалық парламент, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралар кеңесі (АӨСШК), Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Одағы, ТМД ПАА, ШЫҰ және басқалар.

«Кеңестің қатысушылары мен географиясы әр отырыстан кейін көбейіп келеді. Еуропа мен Азия парламентарийлерінің атаулы форумына айналды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Еуразияның парламенттік астанасына айналды. Еуропа мен Азияның 65 елінен келген делегацияның 41-ін парламент спикерлері бастап келді. Сонымен қатар, 14 халықаралық және парламентаралық ұйымдардың басшылары қатысып отыр. Форумның маңыздылығы – Еуразия интеграциясы идеясының авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысып отырғаны болып отыр. Форумға «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбы бекерден алынған жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, өзекті проблемаларды осындай форматта талқылау елдеріміздің жақындасуында тиімді жолдарды табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кеңес Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі де жай емес. Мұндай идеяны алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан болатын. Идея аз уақыт ішінде Еуразиялық экономикалық одақта және басқа да халықаралық маңызды шарттарда қолдау тапты. Біз интеграциялық процестерге заңнамалық тұрғыдан қолдау болса, Үлкен Еуразия идеясының сәтті жүзеге асуына ықпал ететінін білеміз. Кеңес жұмысында Еуразиялық континентті дамыту мақсатында стратегиялық, ашық және көпжақты тұрақты серіктестікті құру үшін нақты ұсыныстар айтылады», — деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында.

Мұндай маңызды әрі ауқымды парламенттік шара Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр.

«Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» атты форум тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған. Кездесу Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығымен сәйкес келіп отыр.

Қазақстанның басты ұстанымы – Еуразияны елдер арасында болатын қарама-қайшылықтарға, сондай-ақ жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы бірлесіп, ұжымдық шешу алаңы ретінде серіктестіктің түбегейлі жаңа моделін енгізу.

Осы кеңесте Еуропа мен Азия парламентшілері еуразиялық кеңістіктің қауіпсіз және тұрақты дамуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, XXI ғасырдың ірі интеграциялық экономикалық жобаларын жүзеге асырудың жолдарын талқылайды.

Панельдік сессиялар, форум барысында жоспарланған бірқатар екіжақты кездесулер Еуразия кеңістігіндегі парламент өкілдерінің заңнамалық тәжірибелер алмасуына, ел халықтарының әл-ауқатын жақсарту жолында ортақ мақсаттарды үйлестіруге үлес қосуға мүмкіндік береді.

Парламенттік форумның тең ұйымдастырушылары: ҚР Парламент Мәжілісі, РФ Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасы және Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы.

Айта кетейік, «21 ғасырдағы Еуразия аймағы елдерінің бірлескен игілігі үшін парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 1-кеңесі 2016 жылы Мәскеуде, ал «Еуразия кеңістігіндегі ортақ өркендеу үшін парламентаралық ынтымақтастық ілгерілету» атты 2-кеңесі 2017 жылы Сеулде, «Еуразиядағы экономикалық ынтымақтастық, қоршаған орта және тұрақты даму» тақырыбындағы 3-кеңес 2018 жылы Анталияда өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...