Басты бет Аймақтар Нұр-Сұлтан Нұр-Сұлтанның "Алматы" ауданына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтанның «Алматы» ауданына жаңа әкім тағайындалды

37 жастағы Бектенбай Есполов Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызметке тағайындау Қазақстан президенті әкімшілігімен және елорда мәслихаты депутаттарымен келісілді», — делінген әкімдік хабарламасында.

Бектенбай Есполов бұрын Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі он жылдан асады.

«Бектенбай Есполов – меритократия қағидатына сәйкес кеңсе сарапшысынан Қазақстан президенті протоколы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен тәжірибелі маман», — деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Бектенбай Есполов – Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовтың төртінші баласы.

Тілектес Есполов – ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы. 2005 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.

Бұған дейін «Алматы» ауданының әкімі қызметін Әділбек Сәрсембаев атқарды. Ол «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...