Басты бет Оқиға Нұр-Cұлтанда жұмыс берушісімен жанжалдасқан азамат өзін өртемек болды

Нұр-Cұлтанда жұмыс берушісімен жанжалдасқан азамат өзін өртемек болды

Нұр-Сұлтанда өз-өзін өртемек болған азаматты полиция құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шамамен сағат 16.30 уақытында «102» шұғыл байланыс желісіне «Қабанбай батыр даңғылында орналасқан кеңсе ғимаратында белгісіз біреу үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқандығы туралы» хабарлама түскен. Оқиға орнына тез жеткен патрульдік полиция қызметкерлері ер адамның арынын басып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Одан соң ол сұрақ-жауап алу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Өзіне қол салмақ болған адам өз әрекетін жұмыс берушімен жанжалдасып қалғанымен түсіндірді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам мас күйінде болған.

Осы факт бойынша, 30 жастағы елордалық азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну» және «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қаралуда.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...