Басты бет Оқиға Ұнатқан қызын алып қашпақ болған жігіт үш жылға сотталуы мүмкін (видео)

Ұнатқан қызын алып қашпақ болған жігіт үш жылға сотталуы мүмкін (видео)

Жамбылда сүйктісін күштеп қалыңдық еткісі келген азамат қамауға алынды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Шу қаласының 30 жастағы тұрғыны өзі ұнататын қызға үйленбекші болған. Алайда 20 жастағы бойжеткен оған тұрмысқа шығудан бас тартыпты. Бұған намыстанған ер азамат, қыздың жұмысына келіп, оны алып қашуға әрекет жасады.

Альбина есікті іштен іліп алып, ашпай қойған. Ашуланған азамат қолындағы пышақпен құлыпты бұзбақ болады. Сән салонындағы айқайға бойжеткеннің әріптестері араласып, қызба жігітті сабасына түсіргісі келді. Алайда ол дауға араша түскендердің біріне пышақ сұғып алған. Денесіне өткір зат кірген азамат ауруханаға жеткізілгеннен кейін, жанжал шыққан жерге полицейлер келіп, 30 жастағы күдіктініні қамап тастаған. Енді бақыт құсын қолына қондыра алмаған жігіт кемі үш жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

— Қызды әріптесі қорғамақшы болған. Нәтижесінде кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Күдікті кінәсін мойындап, оған күзетпен бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...