Синоптиктер жаңа апта басында Алматыда жауын-шашын болады деп болжап отыр. Мамандардың айтуынша, Наурыз мейрамында мегаполисте қар жауады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Келесі аптада қазақстандықтар Наурыз мейрамын атап өтеді.
Gismeteo дерегінше, осы күндері Алматыда жауын-шашын күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, үш күн бойы оңтүстік астанада жаңбыр мен аздаған қар жауады.
21 наурыз, дүйсенбі күні ауа температурасы 0-ден 6 градусқа дейін жылы болады, ал 22 наурызда 1-7 градус арасында жылы болады.
Дегенмен, 23 наурызда күн салқындауы мүмкін. Бұл күні сынап бағанасы түнде 2 градусқа дейін төмендесе, күндіз 5 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Автор: Нұрила Ермекбай
Оқи отырыңыз:
- Қайрат Сатыбалды террористік ұйымдарды қаржыландырды деген ақпарат жоқ – Әбілқасымова
- Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма
- АҚШ: Қытай Ресейге әскери көмек көрсетуге дайын