Басты бет Аймақтар Алматы Назарбаев даңғылындағы өрт себебі анықталды

Назарбаев даңғылындағы өрт себебі анықталды

Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова Назарбаев даңғылында болған өрттің себебін айтты, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Отпен байланысты жұмыс жүргізілген кезде өрт қауіпсіздігінің ережелері сақталмағандықтан, жалын ғимаратты шарпыған.

«Битумды қыздыру үшін ашық от пайдаланылған. Бұл – өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу. Мердігер ұйым әкімшілік жауапқа тартылады», – деді Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Айтуынша, битум қойылған жер мен 5 қабатты үйдің шатырында 10 шаршы метр өртенген.

Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінің шатырында шыққан өрт туралы хабар сағат 11.58-де түскен. Өрт сөндірушілер 6 минуттан кейін, 12.04-те жеткен. Өрт сағат 12.31-де сөндірілді. Өрт кезінде 30 адам, оның ішінде 4 бала сыртқа шығарылған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Назарбаев даңғылында өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды

Бүгін, 21 қарашада Қызылорданың Назарбаев даңғылында болған жол апатынан екі оқушы көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес,...

Қызылордада Toyota Camry аялдамада тұрған адамдарды соқты: үшеуі көз жұмды (видео)

Қызылордада Toyota Camry көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасында тұрған адамдарды соқты, салдарынан оқиға орнында үш тұрғын көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Қызылорда облысы полиция...

Шымкенттің автобус жүргізушілері мен кондукторлары наразылыққа шықты (видео)

Шымкентте автобус жүргізушілері мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартып отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. «Shymkent Bus» автопаркінің елуге тарта қызметкері жұмыс берушінің жалақы сұрап барғандарды...

Тек Димаш үшін ғана Жапония ән байқауы шартын өзгертті (видео)

Димаш Құдайберген үшін ғана ABU TV Song Festival 2019 халықаралық байқауының ұйымдастырушылары өз шарттарын өзгертіп, оған үлкен құрмет әрі ерекше ізет көрсетті, деп хабарлайды...

Кем дегенде 20 жылға сотталады: бас прокуратура жаңа заң жобасын таныстырды

Бас прокуратура педофилия үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге арналған заң жобасын депутаттарға таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жыныстық қатынасқа қатысты...

Шымкентте аурухана бас дәрігері адам органдарын заңсыз алғаны үшін ұсталды

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында ІІМ тергеу басқармасы Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz...

Сөгіс пен жұмыстан шығару – Тараз полициясының бастықтары жазаланды

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтау, оның ішінде мектеп инспекторлары мен бейнекамералардың жетіспеушілігі, оқу орындарының аумағында қоршаудың, санитарлық...