Басты бет Қазақстан Назарбаев президент Тоқаевтың жұмысына қатысты пікір білдірді

Назарбаев президент Тоқаевтың жұмысына қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет және ел Парламенті үйлесімді әрі біріңғай жүйеде жұмыс істеуде. Мұндай пікірді Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдаған кезде айтты.

Кездесуде Әсет Исекешев Қордың қазіргі жұмысы, сондай-ақ әлеуметтік және білім саласындағы түрлі іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Қордың атқарушы директоры Елбасыға талантты жастарды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» жобасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқорлық» жобасы сияқты жаңа бастамаларды таныстырды. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында хабарланды.

«Қор бірқатар іс-шараны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс жүргізіп келеді. Біз талантты жастарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» және «Қамқорлық» атты жаңа екі жобаны іске асыруды бастаймыз. Талантты жастарымыз ел ішінде және шет елде білім алуы үшін оларға көмектесуіміз керек. Бұл – өте пайдалы әрі қажетті жұмыс. Жалпы, Қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы президенттің, Үкімет пен Парламенттің бірлескен жұмысы туралы айтты. «Президенттік өкілеттігімді тоқтатқалы бірнеше ай өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет және ел Парламенті үйлесімді әрі біріңғай жүйеде жұмыс істеуде. Қазір біз саяси және экономикалық салалардағы ортақ мәселелерді шешуді көздеп отырмыз», – деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды

Бүгін, 21 қарашада Қызылорданың Назарбаев даңғылында болған жол апатынан екі оқушы көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес,...

Қызылордада Toyota Camry аялдамада тұрған адамдарды соқты: үшеуі көз жұмды (видео)

Қызылордада Toyota Camry көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасында тұрған адамдарды соқты, салдарынан оқиға орнында үш тұрғын көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Қызылорда облысы полиция...

Шымкенттің автобус жүргізушілері мен кондукторлары наразылыққа шықты (видео)

Шымкентте автобус жүргізушілері мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартып отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. «Shymkent Bus» автопаркінің елуге тарта қызметкері жұмыс берушінің жалақы сұрап барғандарды...

Тек Димаш үшін ғана Жапония ән байқауы шартын өзгертті (видео)

Димаш Құдайберген үшін ғана ABU TV Song Festival 2019 халықаралық байқауының ұйымдастырушылары өз шарттарын өзгертіп, оған үлкен құрмет әрі ерекше ізет көрсетті, деп хабарлайды...

Кем дегенде 20 жылға сотталады: бас прокуратура жаңа заң жобасын таныстырды

Бас прокуратура педофилия үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге арналған заң жобасын депутаттарға таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жыныстық қатынасқа қатысты...

Шымкентте аурухана бас дәрігері адам органдарын заңсыз алғаны үшін ұсталды

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында ІІМ тергеу басқармасы Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz...

Сөгіс пен жұмыстан шығару – Тараз полициясының бастықтары жазаланды

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтау, оның ішінде мектеп инспекторлары мен бейнекамералардың жетіспеушілігі, оқу орындарының аумағында қоршаудың, санитарлық...