Басты бет Оқиға Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана белгілі болып отыр.

«Жоспарлы оқу-жатығулар кезінде қаруды дұрыс пайдаланбаған қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері абайсызда оқ атқан. Соның салдарынан осы қызметтің үш маманы жарақат алды. Біреуі медициналық көмектен бас тартты. Екеуі орта дәрежеде жарақат алған. Олар қаланың медициналық мекемелерінде емдеу курсынан өтіп жүр», — деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай өкілі Sputnik Қазақстанға.

№1 қалалық аурухананың мамандары көмекке жүгінген екі қызметкердің жағдайы туралы айтып берді. Травматологиялық және шұғыл көмек көрсету бөлімінің меңгеруші Алексей Солодтың айтуынша, оқ бір адамның табанына тиген. Бірақ жарақаты ауыр емес. Сол себепті оны амбулаториялық емдеуге ауыстырды.

«Екінші адам ауруханада жатыр. Оның жағдайы орташа. Бұл дегеніміз, дененің қызуы жоқ, жарасы іріңдемеген. Негізі, оқтың жарасы ол жай нәрсе емес. Дегенмен, пациенттің жағдайы жақсарып келеді. Оқ табанына тиген», — деді Солод Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Қазіргі кезде ішкі қызметтік тергеу басталды. Көліктегі ішкі істер органдары да сотқа дейінгі тергеу шараларын қолға алды.

«Осы факт қылмыстық кодекстің 114-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа абайсызда зиян келтiру) бойынша Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді», — дейді құқық қорғаушылар.

Бұл бапқа сәйкес, кінәлі адам бір мың айлық есептік көрсеткішке (2 миллион 525 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сондай-ақ, төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...