Басты бет Оқиға "Үнемі күліп шығатын": Изоляторда көз жұмған алматылық жігіттің ағасы мәлімдеме жасады

«Үнемі күліп шығатын»: Изоляторда көз жұмған алматылық жігіттің ағасы мәлімдеме жасады

14 қаңтар күні Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда болған Еркебұлан Нұрлыханов кенеттен көз жұмды. 20 жастағы жігіттің аяқ астынан бақиға аттанғаны туыстарының көкейіне күдік ұялатып отыр. Марқұмның туған ағасы Руслан Байжігітовтің айтуынша, Еркебұлан бүгінге дейін денсаулығына мүлде шағым жасамаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

15 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Еркебұлан Нұрлыхановтың қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты.

Ведомство берген мәлімет бойынша, ол өкпе-жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болған. Ал марқұмның туысқандары бұған мүлде сене алар емес.

«Інім Еркебұлан 2000 жылы 14 қыркүйекте дүниеге келген. Алматыдағы колледждердің бірінде соңғы курста оқитын. Өзі ақкөңіл, жайдары жүретін бала, КВН ойнайды. Жазда жігіттермен төбелесіп қалыпты. Кейін қазан айында тергеуге алу туралы санкция беріліп, екі айдан бері изоляторда отырды. Төбелес кезінде қаза тауып, жапа шеккендер жоқ. Ол 14 қаңтар күні бостандыққа шығуы керек болатын. Бірақ ініме өз аяғымен шығу бұйырмапты. Бізге оның қазасын естіртті. Жүрек жетіспеушілігінен көз жұмды дейді. Бұған сене алмаймыз. Өйткені, осы уақытқа дейін інім денсаулығына бірде-бір рет шағым айтқан емес. Дені сау жігіт. Тіпті, изоляторда отырғанда да үнемі алдымыздан күліп шығатын. Қайтыс боларынан 3-4 күн бұрын әкем соғып кетті. Сол кезде жақында бостандыққа шығатынын айтып, тамағы тоқ екенін жеткізген. Алаңдамауды сұраған. Мұндай қаралы хабарды естіп, әлі ес жия алар емеспіз. Бір шикілік бар сияқты. Денесіне сараптама жасалды, бірақ, оның қорытындысы әзір дайын болмайды. Осы орайда, тергеудің әділ өтуін сұраймыз. Бауырымның бұлай көз жұмғаны көп күмән қалдырып отыр», — дейді Руслан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда тұтқынға алынған 20 жастағы жігіттің тергеу изоляторында кенеттен көз жұмғаны туралы хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...