Басты бет Әлем Нью-Йоркте қазақстандық ұсталды: министрліктің ресми түсініктемесі

Нью-Йоркте қазақстандық ұсталды: министрліктің ресми түсініктемесі

Қазақстан сыртқы істер министрлігіне АҚШ билігінен республиканың 27 жастағы азаматының ұсталғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы брифинг барысында сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нью-Йоркте Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпарат 6 желтоқсанда АҚШ-тың иммиграция және кеден полициясының сайтында жарияланды.

«Нью-Йорк полициясынан ешқандай ресми ақпарат түспегенін хабарлаймыз. Өздеріңіз білетіндей, америкалық тарап заңсыз көші-қонмен күрес жүргізіп жатыр. Мұндай рейдтер оқтын-оқтын өткізіліп тұрады», — деді Смадияров журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі америкалық тарап кейде шетелдіктерді ұстап, кейін босатып жіберетінін атап өтті. Сонымен қатар ұсталғандар туралы ақпарат үшінші елдердің дипломатиялық өкілдіктеріне берілмейді.

Америка полициясының мәліметінше, мегаполисте бес күнде иммиграциялық заңдарды бұзғаны үшін 12 шетелдік қамауға алынған. Тұтқындалғандардың бәрі – жазадан қашып жүрген қылмыскерлер. Ұсталғандардың арасында елінде іздеу салынған 27 жастағы қазақстандық бар болып шықты. Ол адам тонағаны үшін бес жылға сотталған. Ұсталғандардың бәрі Нью-Йоркте қамауға алынып, иммиграция қызметі сотындағы сот тыңдауын күтіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...