Басты бет Саясат Үкімет Қоғамда дүрбелең туғызатындарға Үкімет ескерту жасады

Қоғамда дүрбелең туғызатындарға Үкімет ескерту жасады

Коронавирус туралы фейк таратқан 41 адам ұсталды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде коронавирусқа қатысты фейк жаңалықтар көбейіп кеткен. Адамдар өздері байқамай, ескі видеоларды, басқа елдерде болған оқиғаларды бізде болды деп таратып жатыр. Бұдан басқа, жалған аудиожазбалар да аз емес.

«Оған кейбір адамдар сенеді. Бұның барлығы қоғамда үрей туғызады. Сондықтан тағы да қайталап айтамыз, тек ресми ақпарат көздерін ғана қараңыздар. Сол жердегі мәліметке ғана сеніңіздер. Қазір барлық полиция департаменттерінде осындай жалған ақпараттарды және оны жариялаған адамдарды анықтайтын арнайы жұмыс топтары бар», — деді Абаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавирус туралы фейк ақпарат тарату бойынша 41 іс қозғалған.

«Барлық кінәлі азаматтар заңға сәйкес жазаланады», — деп түйіндеді Абаев.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...