Басты бет Қоғам Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан (видео)

Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан (видео)

Жәбірленушінің өзі жезөкшелікпен айналысқан! Зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп шағымданған бойжеткенге қатысты Алматы полициясы жаңа дерек айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқанын тергеушілерге жайып салған. Десе де, анықталған жайт жабыла ұрғандарды жазадан құтқармайды дейді тәртіп сақшылары.

Жанболат Зиадин, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

— Қазір 126-баптың 2-тармағы, 1-бөлімі, «алдын ала сөз байласып, адам ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы дерекке қатысты 4 адам күдікке ілінді. Оның екеуі Аида мен Камила есімді қыздар уақытша тергеу изоляторына қамалды. Жәбірленуші өзін құлдықта ұстады деген үй жезөкшелердің ордасы болды деген ақпарат расталған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Полицияның мәліметінше, жеңіл жүрісті қыздар арасындағы жанжал ақшадан туындапты. «Жәбір көрдім» деп шағымданған 25 жастағы бойжеткен күдіктілерге ақша қарыз болып, қайтармай жүрген көрінеді. Кейін ашуға булыққан әлгі Аида мен Камила жәбірленушіні бір жігіт арқылы пәтеріне шақыртып, оны тепкінің астына алып, үйіне қамап қойған.

Жәбірленуші өзін «күшпен ұстады» деп көрсеткен үйдің иесін бір ай бұрын да КТК арнасы көрсеткен еді. Ол кезде Айгүл Оралбаева баласына іздеу салған болатын. Ол ұлының зағиптар мен көзі нашар көретін балаларға арналған интернат қызметкерлерінен қысым көріп, қашып кеткенін де айтқан. 15 жасар жасөспірім он күннен кейін табылды. Ал қызды құтқару операциясында полицейлерге тап берген үй иесі бұл істе тек куәгер ретінде көрсетілген.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...