Оқушы қызбен төсектес болған ақтөбелік кәсіпкерге қатысты тың ақпарат жария болды

143
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Ақтөбеде танымал кәсіпкердің кәмелет жасына толмаған жасөспіріммен интимдік қатынасқа түсуіне қатысты ақпарат желіде тарап кеткен еді. Осы орайда, қыз баланың бүгінгі жағдайына қатысты тың ақпарат жария болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Kozachkov offside Telegram арнасында Ақтөбеде кәсіпкер әрі депуттатың Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша күдіктеліп жатқаны және ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрқожаеваның айтуынша, күдіктіден зәбір көрген мектеп оқушысы қазіргі уақытта ерекше қорғауға алынған. Жасөспірімнің қасында құқық қорғау қызметкерлері мен білім саласының өкілдері отыр.

«Кеше келеңсіз жағдайдың орын алғаны рас. Қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмағандықтан, оқиғаны жария ете алмаймыз. Оқушы қауіпсіз жерге, арнайы мекемеге орналастырылды. Қасында тәрбие ісі жөніндегі маман, психолог, ішкі істер органынан өкіл бар. Балада психологиялық ауытқулар жоқ. Толық емес отбасында тәрбиеленген», — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрқожаева.

Бүгінде күдікті тергеу алды қамауда отырғаны белгілі болды. Ақтөбе облысының полиция департаменті​ қылмыстық​ іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта күдікті Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабының тәртібімен Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар​ жария етуге жатпайды», -​ деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде оқушы қызбен сексуалдық байланыста болды деген күдікпен кәсіпкер ұсталды.

Одан бөлек, Ақтөбе облысы мәслихатының ұсталған депутаты «Nur Otan» партиясынан шығарылғаны туралы ақпарат тарады.

«Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Нидің құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен ұсталуы фактісіне қатысты «Nur Otan» облыстық бөлімшесінің партиялық бақылау комиссиясы Аркадий Ниді «Nur Otan» партиялық билетінен айыру туралы мәселені облыстық бөлімшенің Саяси кеңес бюросына ұсынғанын хабарлаймыз. Саяси кеңестің облыстық бюросының қаулысымен Аркадий Ни «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылды», — делінген партияның Ақтөбе облыстық бөлімшесінің ресми баспасөз хабарламасында.

Оқи отырыңыз: