Басты бет Қоғам "Оқысаң, шошисың": Журналист полицейлер өліміне "қуанғандарды" орнына қойды

«Оқысаң, шошисың»: Журналист полицейлер өліміне «қуанғандарды» орнына қойды

25 мамыр күні Алматы қаласындағы №4 блок-бекетте екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты болды. Осыдан кейін желіде қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірушілердің қарасы көбейді. Оқырмандардың бір бөлігі көз жұмған тәртіп сақшыларына аяушылық білдірмеген. Белгілі жас журналист Абай Сейфуллаұлы марқұмдарға тіл тигізген желі қолданушыларын сабырға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Алматыдағы блокпосттағы апат туралы Youtube-тағы сюжеттерді қарап шықтым. Коменттердің 90%-ында өмірден өткен полицейлерге аяныш болмаған».

«Сауап!», «Екі ментке азайып, жақсы болып қалды», «Құдай жазаларын берді, халық қарғысы» деген мазмұнағы мыңдаған пікірлер. Оқысаң шошисың енді. Біраз адам «блокпостты алып тастамағанның кесірі, карантиннен шаршадық» деген ой айтыпты.

Сосын Instagram-ды қарадым. Ол жақтағы комментарийлерде көпшілігі полицейлер өліміне себеп болған мас жүргізушіні жазғырып, неғұрлым қатаң жаза беруді сұраған, «Иманды болсын» дескен.

Екі желі екі түрлі әлем сияқты. Мұндай оқиғалар кезінде Facebook аса белсенді емес екен. Қызық.

Не де болса, қазақтардың адам өлгенде бір ауыз «арты қайырлы болсын» дей алмауы қорқытады…

Ал ІІМ қызметкерлерінің имиджі, жұмысы туралы шын ойланбаса, мына құбылыс қауіпті деп ойлаймын, оның үстіне соққан жігіт те бұрынғы полицей», — деді ол.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Осыдан кейін күдіктіге қатысты әлеуметтік желіде түрлі деректер шықты. Оның тәртіп сақшысы болғандығы да айтылды.

Осыған байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдіріп, жантүршігерлік жол апатына күдікті — полиция қызметкері деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ал кеше құзырлы орган жол апатына кінәлі азаматтың бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін растады. Департамент күдіктінің осыған дейін өз қызметіне салғырт қарағаны үшін жұмыстан қуылғанын мәлімдеді.

Фото: polisia.kz

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...