Басты бет Қазақстан Офицерлер жауынгерлік тумен қоштасты

Офицерлер жауынгерлік тумен қоштасты

Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосы басшылығының қатысуымен әскери тумен қоштасу салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан Қарулы Күштерінің бірқатар офицерлерін запасқа шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауынгерлік тумен қоштасу – әрбір әскери қызметші үшін ерекше рәсім. Офицерлер кезекпен армияның абыройын, жауынгерлік дәстүрлерін бейнелейтін жауынгерлік тудың алдында бас иді.

Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Құрметті қарауыл ротасы мен ту ұстаушы тобының қатысуымен генерал-лейтенант Мұрат Майкеевті, генерал-майор Василий Рысбаевті, полковниктер Раушанбек Әбілдаев және Болат Қарақұқтықовты запасқа шығару туралы бұйрық оқылды. Салтанатты іс-шара барысында офицерлердің әскери жолы, олардың басшы мен командир ретінде қалыптасуы, сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштеріндегі жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді.

Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Әскери қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобының әскер құрамында бастады, Байкал әскери округінде қызмет етті, 68-ші мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары болды, Құрлық әскерлерінің мотоатқыштар дивизиясын, Аэроұтқыр әскерлерін, Қазақстан құрлық әскерлерін басқарды. 2016 жылдан бастап Майкеев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — ҚР ҚК Бас штабының бастығы қызметін атқарды.

Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Генерал-майор Василий Рысбаев Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін және Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Ол Мәскеу және Қиыр Шығыс әскери округтерінде қызмет атқарды. Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы кезінде офицер Отарда, Шымкентте, Алматыда, Үшаралда, Аягөз қаласында штаб бастығы және әскери бөлімдердің командирі болып қызмет етті. Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, «Астана» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшысы, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары қызметі жұмыстарын атқарды.

Полковник Раушанбек Әбілдаев Суворов әскери училищесін, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін және ҚР Қарулы Күштерінің академиясын бітірген. Германиядағы Кеңес әскерлері тобының құрамында, Фрунзе атындағы Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесінде қызмет етті. Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектебінде және ҚР ҚМ Кадрлар департаментінде кадрлық мәселелермен айналысты. Сонымен қатар, ол әскери полиция органдары мен аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылуы, білім беру мәселелерімен айналысты. 2017 жылдан бастап ҚР ҚМ Әкімшілік департаментін басқарды.

Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Полковник Болат Қарақұқтықов Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери полиция бөлімшелерінде, анықтау бөлімінің аға анықтаушы-инспектордан және жедел-іздестіру жұмыстары бөлімшесінің инспекторы лауазымдарынан бастап, ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарды. 2016 жылдан бастап офицер ҚР ҚМ Заң департаментін басқарды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...