Басты бет Оқиға Қылмыс "Охотзоопром" қызметкерлерінің өздері браконьер болып шықты

«Охотзоопром» қызметкерлерінің өздері браконьер болып шықты

«Охотзоопром» қызметкерлерінің браконьерлікке қатысы бар. Полицейлер браконьерлер тобының қорықтағы 154 бас ақбөкенді ату әрекетіне қатысы барын дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс осы жылдың наурызында тіркелген болатын. «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» РМҚК директорының полицияға хабарлағанындай, 17 наурызда қорық аумағының ішінде атып өлтірілген және мүйіздері кесілген 154 ақбөкен денесі табылды.

Осы қылмыстан мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд 435 млн-нан астам теңгені құрады.

Ақбөкендерді ату фактісі тіркелді және ҚР ҚК-нің 337-бабының 5-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды

Қылмысқа сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған аң түрлері мен ақбөкендерді қорғауға міндетті «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының қызметкерлерінің қатысы бары анықталды. Тергеу барысында кәсіпорынның екі қызметкері кедергісіз атуды ұйымдастырған және олардың екі танысы ақбөкендерді атқаны анықталды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары өлтірілген жануарлардың мүйіздерін сатып алған адамды анықтады, ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Оның гаражынан Ресей Федерациясы аумағына контрабандалық жолмен тасымалдау және одан әрі ҚХР-на сату үшін дайындалған, арамен кесіп алынған ақбөкендердің мүйіздері табылып, алынды.

Браконьерлерге ҚР ҚК-нің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша кінә тағылды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...