«Қойшы малдарын 16 млн теңгеге сатып жіберген»: Түркістандық шаруа жанайқайын жеткізді

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Түркістан облысында қойшы бастығының 16 млн теңгеге малдарын сатып жіберген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Ер адамның сөзінше, оның малшыларының бірі асыл тұқымды 200-ден астам қойларын талан-таражға салған.

Осылайша, жергілікті тұрғынға 16 млн теңгеден асатын шығын келген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тіркеуге алған. Белгілі болғандай, күдікке ілінген қойшы Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Ол 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарды шетінен сата берген.

Қойшы несиелері мен қарыздарын өтеу үшін бұндай қылмысқа барғанын мойындап отыр.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор: Сәке Қанатұлы

Оқи отырыңыз: