Басты бет Оқиға "Ол ешқашан тоқтамайды": оралдық әйел күйеуі туралы шындықты жайып салды

«Ол ешқашан тоқтамайды»: оралдық әйел күйеуі туралы шындықты жайып салды

Оралда күйеуі кепілге алған нотариус әйел қазіргі жағдайы туралы айтты. Ол кепілден босатылса да, қауіпсіздікте екенін сезінбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Зардап шеккен әйел ауруханадан шықты. Алайда суретке түсуге келісім бермеді. Өйткені денесінің көгергені әлі кетпепті. Ол күйеуімен бірнеше жылдан бері айырылыса алмай жүргенін айтты.

Әйелдің айтуынша, күйеуі үйлене салысымен, екінші күні қол көтеріпті.

«Ол мені төрт күн бойы пәтерден шығармай қойды. Өзіне тұрмысқа шығуыма ұзақ уақыт бойы мені көндіре алмағанын есіне түсірді. Мүлдем басқа адам болып кетті», — дейді әйел.

Оның сөзіне қарағанда күйеуінің мұндай екенін ешкім білмейді. Адамдардың көзінше өзін мүлдем басқаша ұстайды екен. Ол тіпті әйелін бірнеше рет байлап, жұмысынан алып кеткен. Сондықтан әйел жеке күзет жалдауға мәжбүр болыпты. Алайда олар көмектесе алмады.

«Ол өте мықты. Бәрі көзді ашып-жұмғанша болды. Мені ұстап алып, тамағыма пышақ тақады. Қолында граната болды. Күзетшіге шығып, есікті жап деді. Мені босатқан кезде де тауып алып, басқа қалаға алып кететінін айтты. Ол ешқашан тоқтамайды», — дейді әйел.

Еске сала кетсек, 28 қараша күні Орал тұрғыны әйелін кепілге алған болатын. Оқиға орнына жедел қызметтердің барлығы шұғыл жетті. Бес қабатты үйдің барлық тұрғыны эвакуацияланып, үйдің айналасы қоршалды.

Полиция мен ер адам арасындағы 6 сағаттық келіссөзден кейін ол әйелін босатты. Ер адамды жедел арнайы жасақ қызметкерлері ұстады.

Әйел аяғынан пышақ жарақатын алған. Жәбірленуші босатылып, дәрігерлерге тапсырылды. Онымен психологтар жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...