Екпіні секундына 23 метрге жеткен күшті жел бес қабатты үйдің 240 шаршы метр шатырын жұлып түсірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
БҚО Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 00.05-те 4 шағынаудан №30 үйде болды. Үйдің жалпы ауданы – 1260 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы жұмыс жасап жатыр. Үй 1991 жылы салынған. 2016 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. ПИК балансында тіркелмеген.
Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі кезде өңірде бірнеше жол жабық.
Оқи отырыңыз:
- Қостанайда бесінші сынып оқушысы жанып жатқан үйден төрт баланы аман-есен алып шыққан
- Геннадий Головкин жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
- Екібастұзда санавиацияны 3 апта күткен дәрігер көз жұмды
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз