Басты бет Оқиға Оралда өгей әкесін өлтіріп, түрмеге түскен оқушы қыз асылып қалды

Оралда өгей әкесін өлтіріп, түрмеге түскен оқушы қыз асылып қалды

Батыс Қазақстан облысының тергеу изоляторында бойжеткен асылып қайтыс болды. Қыз колготкиін пайдаланған, оның бір ұшын терезе торына, екіншісі мойнына байлаған, деп хабарлайды zakon.kz.

«Уральская неделя» марқұмның есімі Ирина Лапина екенін жазады. Ол колготкиінің бір ұшын терезе торына, екінші ұшын мойнына байлаған. Оның денесі 8 мамырда сағат 15.30-да табылды.

Түрме қызметкерлері бірден жедел жәрдем көлігін шақырды. Мәйітті қарау кезінде ешқандай дене жарақаты табылмаған. Өлімнің себебі механикалық асфиксия деп аталды.

«Мен марқұмның денесін зерттедім (менің қызметімнің құзыретіне қарай), сараптама кезінде қыздың мойнында із болды, басқа жарақат болған жоқ. Сондай-ақ қызбен бір камерада болғандармен сұқбаттастым. Басында Иринамен бір камерада болып, кейін басқасына ауыстырылған қызбен сөйлестім. Алдыңғы және соңғы камерадағылар да қыздың жағдайына қатты алаңдаулы. Олар қыздың анасы келмей кеткендіктен ренжіп, камерадағы адамдардың сөзіне жауап бермегенін айтты», — дейді БҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның басшысы Павел Кочетков.

Құқық қорғаушы қыздың медициналық картасындағы қорытындысы оның денсаулығына қатысты ешқандай проблемалар жоқтығын көрсетенін айтты. Қайғылы оқиға болған кезде бәрі әдеттегідей болған. Күдік туғызатын жалғыз нәрсе — Ирина тыныстауға берілген уақытта сыртқа шығудан бас тартқан. Серуеннен оралған камерадағы қыздар оны асулы күйі тапқан, олар бірден түрме қызметкерлерін шақырған.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті марқұмның камерада өлер алдында жазып қалдырған ешқандай хаты табылмағанын, қазір марқұмның денесі туыстарына тапсырылғанын айтты.

Енді Орал қалалық полициясы «сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға жол берілмеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса.

Ирина Лапина өгей әкесін өлтіргені үшін 9 жылға сотталды. Ер адам анасы мен жас әпкесін қорлап, мазасын алатын болған. 2019 жылы 10-шы сыныпта оқып жүргенде Ирина досымен бірге өгей әкесін өлтіреді. 19 жастағы досы болса, 15 жылға сотталды.

Оқи отырыңыз:

Фото: «Уральская неделя»

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...