Оралда 28 қарша күні бұрынғы жұбайын кепілге алған азамат екі айға қамауға алынды. Сондай-ақ 41 жастағы Ерлан Ислямғалиев зорлау бабы бойынша күдіктелуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін 30 қараша күні Оралдың мамандандырлыған тергеу сотында оралдық ПД тергеу басқармасының аразы қаралды. Нәтижесінде сот ер адамды екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған.
«Ислямғалиев ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлігі (адамды кепілге алу) бойынша күдіктелуде. Сондай-ақ ол ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (зорлау) бойынша айыпталуда», — деп хабардар етті облыстық соттан.
Сотта 28 қараша күні Ислямғалиевтың Жәңгір хан 13 мекен жайында орналасқан нотариус кеңсесінде бұрынғы әйелімен жанжал кезінде оны кепілге алып, есікті іштен жауып алғаны айтылды. Сонымен қатар ол келіншекті пышақпен қорқытқан. Сондай-ақ қолында граната пішінді зат болған.
Ал оқиға жайлы полицияға кездейсоқ өтіп бара жатқан куәгер хабар берген. Осыдан кейін барлық арнайы бөлімше қызметкерлері аяғынан тік тұрып, оқиға орнына келген.
Келіссөздер алты сағатқа созылған. Тіпті оған Ақсайдың Бүрлі ауданынан келген туысқандары да атсалысқан. Нәтижесінде ер адам кепілге алған әйелді өз еркімен босатып, оны арнайы жасақ сарбаздары ұстаған.
Белгілі болғандай ер азамат пен әйел адам ауыр ажырасу процесін бастарынан өткеріп жатыр. Олардың ортақ бір баласы бар.
Қазір 41 жастағы келіншек ауруханада жатыр. Оған психологиялық көмек көрсетілуде.
Оқи отырыңыз:
- Құлсарыда жасөспірім қыз асылып қалды
- Зейнет жасы мен әр балаға жәрдемақы: министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
- Сәбиді тепкінің астына алған ер адам ең ауыр жаза арқалауы мүмкін (видео)