Басты бет Қоғам Оралда көпбалалы аналар өздеріне тиесілі ақшаларын ала алмай жүр (видео)

Оралда көпбалалы аналар өздеріне тиесілі ақшаларын ала алмай жүр (видео)

Атаулы әлеуметтік көмектің әурешілігі! Оралдағы көпбалалы аналар өздеріне тиесілі ақшаларын уақтылы ала алмай жүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Наразы топтың айтуынша, жауапты мекеме өкілдері олармен есеп айырысуды күнде ертеңге шегеріп шаршатқан.

Айжан Сапарова, көпбалалы ана:

— Басында 26-на түсті, одан кейін 29-на түсті, одан кейін 30, енді 4-не ауысты. Енді 10-ны дейді. Бүгін ақшамыздың түспегеніне байланысты тағы келіп тұрмыз. Енді олар тағы күн ауысады, 28-і дейді.

Жұрт ақшаның соңынан қууға мәжбүр. Әзірге қаражаттың қолға тиер түрі жоқ. Әкімдіктің күнде «ертең» деген желеуі көптің зығырданын қайнатқан. Бұқара жағдайды қала басшысына да жеткіздік дейді. Алайда оны елей қойған ешкім болмапты. Ашулы топ тағы да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде шу шығарды. Тек содан кейін ғана жауаптылар жағдайды түсіндіре бастады. Атқамінерлердің айтуынша, шаһарда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны көбеюінен теңге үлестіруде сәл кідіріс болған. Бұл олқылық алдағы уақытта «шешіледі» деп сендіреді.

Наурызбай Дәуешов, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

— 1 ші қараша, 1 қыркүйекке 3 мың АӘК алатын отбасы болса, 1 қарашадан 4041 отбасы АӘК алады. Соған байланысты кішкене кешігу болып жатыр. Бір аптада барлық қаражат төленетін болады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады, деп жазады «Астана»...

Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара...

Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды...

Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды...

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Батыс...

Әкімнің «креслосын» сатып алмақ болған шенді қызметінен айырылып тынды

Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл...

Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр....