Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адам мектеп оқушысына шабуыл жасаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 13 ақпанда болды. Оқушымен бірге подъезге кірген қаскөй қызға тап берген. Оқиға бейнебақылауға камерасына түсіп қалды.
Видеодан қолына пакет ұстаған ер адамның мектептен шыққан қыздың соңынан келе жатқанын көруге болады.
Жолда қолындағы пакетін тастап, қыздың артынан подъезге кіреді.
Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Видео авторының айтуынша, подъезд есігі жабылғаннан кейін ер адам оқушыға тап берген. Баланың жанұшыра айғайлаған дауысын естіп көршілері сыртқа шығады. Олар қызды қаскөйден аман алып қалды, деп жазды «Уральская неделя» басылымы.
Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.
Балаға шабуыл жасаған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз:
- Бақытбек Смағұл: Менің айтқанымның барлығы 100 пайыз дұрыс деген сөз емес
- Дәурен Абаев Айсұлтан Назарбаевқа қатысты пікір білдірді (видео)
- Қорғаныс министрлігі депутат Смағұлдың дүнгендер жайлы сөзін жоққа шығарды