Басты бет Қоғам Дін Ораза кезінде крем жағып, боянуға бола ма

Ораза кезінде крем жағып, боянуға бола ма

Ораза кезінде жиі қойылатын сұрақтардың бірі бетке крем жағып, боянуға бола ма? Бұл сауалға Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің ұжымы жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дін өкілдерінің сөзінше, терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды.

«Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұруға және жараның бетіне дәрі таңуға болады. Тек крем мен майды пайдаланған кезде қатты қалыңдатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алған кезде суды теріге жібермеуі мүмкін. Расында оразаны сырттан ішке кірген нәрселер бұзады. Сондықтан бетке, қолға жағылған түрлі жақпаларды лак секілді заттарды қолдану оразаға кедергі емес. Алайда аталмыш майлар, лактар денеге су өткізбейтін болғандықтан құлшылық үшін алынатын дәреттен бұрын сүртіп не өшіру қажет болады», — дейді мамандр.

Сонымен қатар дін мамандары ораза кезінде біреуге тіл тигізіп, ғайбат сөйлеп, өсек айтудан тыйылуға шақырды.

Бұл оразаны бұзбағанымен, шариғатта біреудің сыртынан жамандап ғайбат айту, сөз тасу үлкен күнә дейді мамандар.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...