Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рейд барысында 45 және 42 жастағы ер адамдардың үйін тінтіді. Біреуі есірткіні жазғы ас үйде, екіншісі үйінде сақтаған.
«Сот-химиялық сараптаманың актісіне сәйкес, тәркіленген зат «героин» есірткісі болып саналады. Табылған заттың жалпы салмағы бір килограмнан асады», — деп жазды Polisia.kz сайты.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі заттарын заңсыз сақтау, жіберу немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлілер он жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
- Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды
- Ағаділдің өлімі: прокуратура сараптама барысы жайлы айтты
- Ломбардтарды жарнамалаған әртістер мен блогерлер заң алдында жауап береді
Фото pixabay.com сайтынан алынды