Басты бет Оқиға Қордайдағы жағдай тұрақты – бас прокуратура

Қордайдағы жағдай тұрақты – бас прокуратура

Бас прокуратура Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің алдын ала қорытындысын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев қазақстандықтардан арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенуге шақырды.

«Жалған мәліметтерді таратуға және жолдауға жол бермеу қажет. Сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 407-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескерткім келеді. Бүгін Қордайдағы жағдай тұрақты деп толық сеніммен айта аламын», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Прокуратура Қордай қақтығысы туралы не дейді

Бас прокуратура Қордайдағы қайғылы оқиғаға тек тұрмыстық тұрғыдағы жанжал себеп болғанын атап өтті.

«Осы жылдың 5 ақпанында Қордай ауданы Сартөбе ауылында жол үстінде екі түрлі ұлт өкілдерінің арасында жанжал туып, салдарынан қарт адам жарақат алды. Бұл қылмыс бойынша екі адам күдікке ілінді. Оның біреуі сот санкциясымен қамауға алынған. Жақын арада тергеу аяқталып, іс сотқа жолданады», — деді Кененбаев.

Ал 7 ақпан күні дәл сол ауылдың тұрғыны көлікті тотқан полицейлердің талабына бағынбай, үйіне кетіп қалған. Өз үйінің жанында жүргізуші туыстарымен бірге полицейлерге қарсы күш қолданған.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, күдіктілер бірден ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

18 наурыздағы сот үкімімен осы үш адам кінәлі деп танылып, сотталған. Сот үкімімен әрқайсысы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Осы оқиғалардан кейін ауданның жергілікті тұрғындары әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы бір-біріне жағымсыз хабарлама жібере бастады. Криминалдық элементтерді пайдалана отырып, мессенджерлер арқылы әлеуметтік алауыздықты насихаттап, зорлық зомбылық жасауға шақырған. Жалған ақпараттардың ықпалына түскен көрші елді мекендердің, басқа облыстар мен қалалардың тұрғындары топтасып, Сортөбе мен Масаншы ауылдарына келе бастаған. Сөйтіп 8 ақпанға қараған түні аталған ауылдарда жаппай тәртіпсіздік басталып, ол күш қолдану, тонау, өртке ұласты», — деді ол.

Қордайдағы қақтығыстан он бір адам қаза болды. 192 адам әртүрлі дене жарақатын алған, оның ішінде 19 полицей бар. 168 тұрғын үй, 122 автокөлік бүлінген және өртенген.

Барлық факті бойынша қылмыстық істер қозғалған. Қылмыстық істерді тергеу аясында сот санкциясымен жеті адам қамауға алынды.

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Аяз, жаңбыр, бұршақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райы...

«Вейптерді сатуға тыйым салу қажет»: депутат үкіметке ұсыныс жасады

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин вейптерді сатуға толығымен тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде үкімет вейптер мәселесіне экономикалық тұрғыда қарап отыр....

Ибрагимова баспана бағасына болжам жасады

Отбасы банкінің басшысы Ляззат Ибрагимова баспана бағасына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Жартыжылдың қорытындысы бойынша баспана бағасының өсуі тежеледі деп ойлаймын. Бірақ жаһандық тұрғыда...

ҚазҰУ жерінің бір бөлігін жеке компанияға беру кезінде заңбұзушылықтар анықталды

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың "Ақ жол" ҚДП фракциясының 13 сәуіріндегі депутаттық сауалына қайтарған жауабында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. Алматы прокуратурасы Жер ресурстарын...

«Махаббат та, сатқындық та болды»: Әсел Асқар күйеуіне әсерлі жазба арнады

Танымал блогер Әсел Асқар желіде жолдасына сезімін білдіріп, аса әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі бұл қарым-қатынасында махаббат та, сатқындық та болғанын айтты, деп жазады...

2 проценттік ипотека алатындардың саны артады – бағдарламаға өзгеріс енгізілді

"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыса алатын адамдардың саны көбейеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары...

Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өседі

Алдағы оқу жылынан бастап еліміз бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ведомствода өткен аппараттық жиналыста хабарлады,...