Ресейдің Челябинск қаласының сыртындағы орман арасындағы ашық алаңда елуден астам қара түсті бірдей Toyota Camry автокөліктері біраз уақыттан бері тұрғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Анықталғандай, бұл автокөліктің бәрі облыс билігіне тиесілі екен. Басшылық бұл көліктерді 2020 жылға жоспарланған саммиттер (ШЫҰ, БРИКС және басқа да протоколды шаралар) үшін арнайы сатып алып қойған екен.
Алайда қазір коронавирустың кесірінен барлық шаралар белгісіз мерзімге кейінге шегіріліп отыр.
Ресей баспасөзінің жазуынша, 56 автокөлікті сатып алуға шамамен 120 миллион рубль жұмсалған.
Жергілікті биліктің сатып алатын көліктерге қойған техникалық талаптарына келсек, кузов пен салоны қара түсті, қорабы автомат болуы тиіс. Жаңбырдың датчигі, артқы камера, орындықты жылыту және күнқағар перделер болуы міндетті.
Оқи отырыңыз:
- Жүргізушілердің тек бір құжатпен жүруіне рұқсат етілуі мүмкін
- Мамандар: Мақтаарал тасқынындағы балық адам өміріне қауіпті
- «Аспан да жылайды»: Қазақ ақындары Бейсен Құранбекке өлең жолдарын арнады
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз