Елордадағы 69-мектеп оқушыларының ата-анасы ғимарат маңындағы шалшықтың тазаланбағанына наразы. Оқушылар мектептен жіңішке қарағайды басып шыққан. Енді біріне қоршаудан секіруге тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Фото: видеоның скриншоты
Сәрсенбі, 26 ақпан күні астанада жаңбыр жауды. Қалада жүру қиындап кетті. Шығыс Ильинкадағы (Қараөткел елдімекені) 69-мектеп оқушылары, тіпті, мектептен шыға алмады.
«Кеше 69-мектеп маңында шалшық болды. Балалар қарағайды басып, мектептен шықты. Шығаберісте кезек болды. Кезекте тұрғысы келмегендер қоршаудан секіріп өтті. Кейбір балалар құлады. Өйткені шалшықтан бөлек, көктайғақ болды», — деді оқушының анасы Эльмира Қасымова.
Видео Facebook-тегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жарияланды.
Бейсенбі, 27 ақпан күні астанада жаңбыр басылып, боран мен көктайғақ болды.
Қалада дабылды ескерту жарияланрды. Ұшақ рейстері тоқтатылды. Барлық жолдар жабылды.
Оқи отырыңыз:
- Түркістан облысында зейнеткер әйел қызын өлтірді деген күдікке ілінді
- СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
- Коронавирустың құрбандары күн санап артып келеді, — Ж.Бекшин