Орысша «казах» деген сөзді «казак» деп өзгертуге не кедергі — министр жауабы

112
Фото: pixabay.com

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «қазақ» сөзін орысша «казак», ал «Қазақстан» сөзін «Казакстан» деп өзгертіп, қолдануға болатын-болмайтынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

29 маусымда Мәдениет министрінің блогында қазақстандық Аман Ыбырай КАЗАССР Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен бекітілген «казах» сөзін «казак» және «Қазақстан» сөзін «Казакстан» деп өзгертуді ұсынды. Ол бұл Қаулының күшін жою керек деп санайды.

«Бұл қарардың күшін жою немесе ең болмағанда жалпы дауыс беруге қою дұрыс болады деп санаймын, өйткені «qazaq» сөзін орысша «казак» деп жазу грамматикалық тұрғыдан дұрыс», — деп жазды ол.

Ақтоты Райымқұлова бұл сұраққа екі күннен кейін, яғни 3 шілдеде жауап берді. Оның айтуынша, бұл — тарихи шешім және оны жою мүмкін емес.

«Осы қаулыға сәйкес, «qazaq» сөзін орыс тілінде анағұрлым дұрыс айту үшін және осы сөздің соңғы «қ» әрпі «х» әрпіне алмастырылды, «казах» сөзінің орысша жазбаша белгіленуі осыған негізделген, сондықтан қарарда да мемлекет атауы орысша Казахская АССР деп көрсетілген. Бұл тарихи құжат болғандықтан, оны жоюдың қажеті жоқ», делінген ресми жауапта.

Министр Қазақстан тәуелсіз мемлекет екенін және «qazaq» сөзінің дұрыс жазылуы туралы ұсыныс Конституцияға өзгертулер енгізілген жағдайда ғана мүмкін болатындығын атап өтті.

— Алайда, алдағы уақытта қазақ тілін латын графикасына көшіруге байланысты бұл мәселені өздігінен шешуге мүмкіндік бар, өйткені «qazaq», «Qazaqstan» сөздерінің жазылуы ана тіліндегі, яғни қазақ тіліндегі жазбаша түрін ескере отырып, басқа тілдерге аударылатын болады, — деп қосты ол.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз