Қостанай облысында бес бірдей көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қостанай-Тобыл тасжолындағы үлкен көпір деп аталатын жерде бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін сағат 15.00 шамасында болған.

Полиция ақпаратына сәйкес, Toyota Alphard көлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен. Ол Volkswagen Golf, Lada Granta, Volkswagen Sharan және Lada Priora көліктеріне соғылды.

Апат салдарынан Volkswagen Sharan көлігінің жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды. Жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға қатысы тексеріс басталды.

Оқи отырыңыз: