Бүгін Қостанай облысының Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады.
Сонымен қатар, бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Короновирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған.
Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 60 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 108 296-ға жетіп отыр.
Сонымен бірге өткен тәулікте 90 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Ал Қазақстан бойынша жазылғандардың жалпы саны — 103367.
Оқи отырыңыз:
- Қырғыз еліндегі ахуалға қатысты Қазақстанның ұстанымы жарияланды
- «Ресейден танк, БТР, БМП дегендерді сатып алуды доғару керек» — сарапшы
- Ер адам Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақта төбелес шығарды