Басты бет Оқиға Қостанайда ұлымен жанжалдасып қалған әйел полицейге балта лақтырды

Қостанайда ұлымен жанжалдасып қалған әйел полицейге балта лақтырды

Қостанайлық әйел учаскелік инспекторға балтамен шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының оңтүстік полиция бөліміне Водяная көшесінде орналасқан пәтерде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына учаскелік полицей Алмат Рамазанов келіп жетті. Ол 27 жастағы жігіт пен оның 49 жастағы анасының арасында жанжал шыққанын анықтады.

Бұл отбасында полицей бірнеше рет болған. Полиция қызметкері тексеріп жатқанда әйел адам әрдайым инспекторға былапыт сөздер айтады екен. Бұл жолы бәрі басқаша болды. Анасы ұлын алып кетуді сұраған. Инспектор онымен сөйлесіп, пәтерден шығарғысы келгенде, әйел балтаны алып, учаскелік полицейге қарай лақтырған. Полиция қызметкері өзін қорғамақ болса да, балта тиіп, дене жарақатын алды.

Осы әрекеті үшін әйел қамауға алынды. Мұндай жағдай үшінші рет болып отыр. Енді былапыт сөздер айтып, тіл тигізгені үшін емес, полицияға шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуда.

Қылмыстық кодекстің 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Учаскелік инспекторға ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...