Басты бет Оқиға Қылмыс Қостанайда несиесін жаба алмаған жігіттер кәсіпкерді тонаған

Қостанайда несиесін жаба алмаған жігіттер кәсіпкерді тонаған

Солтүстік бөлімшенің полиция қызметкерлері екі күннің ішінде кәсіпкерді тонауға қатысты істің бетін ашты, деп хабарлайды zakon.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс 2019 жылдың 29 желтоқсанында жасалған. Кешкі сағат 6.30 шамасында Складской көшесінде кәсіпкерге шабуылдаған белгісіз екі адам оның көзіне спрей шашып, қолындағы жылтыр ораманы алып қашқан. Пакет жарылып, ішіндегі үш миллион теңге қарға шашылған. Дегенмен екі жарым миллион теңгені белгісіз адамдар өздерімен бірге ала кеткен. Олар оқиға орнынан ізін суытқан.

Болған оқиғадан кәсіпкер әлі есін жияр емес. Қауіпсіздік мақсатында ол ақшаны ЗИЛ көлігімен жүріп жинаған, жүргізуші кәсіпкерге шабуылдағандарды көрмей қалған, ол тек айғай шыққанда ғана көлігінен секіріп түсіп, кәсіпкерге қарай жүгірген.

Шабуыл жасаушылар бетперде киген, сондықтан оларды тану мүмкін болмаған. Жәбірленуші де полицияға шабуылдаушыларға қатысты қандай да бір белгілері туралы маңдытып ештеңе айта алмаған.

Қылмысты ашу үшін солтүстік полиция басқармасында жедел-тергеу тобы құрылды, оны қылмыстық тергеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны Аян Шаяхметов басқарды. Топ құрамына полиция капитаны Қазбек Қайратұлы, полиция капитаны Қуат Темірғалиев және полиция капитаны Болат Нұртазин және Әлібек Кеукенов сынды ізкесушілер кірді.

— Жедел іс-шаралар барысында біз ілік тауып, 31 желтоқсанда қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстадық. Облыстық ұшу орталығының 32 және 33 жастағы тұрғындары Тобыл қаласында ұсталды. Ақша ішінара жұмсалып қойылған. Біраз бөлігін несие жабуға жұмсаса, тағы бір бөлігіне Жаңа жыл тойлаған, — дейді ізкесуші.

Қазір олар қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...