Басты бет Оқиға Қостанайда полиция подполковнигі сотталды

Қостанайда полиция подполковнигі сотталды

Қостанай қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметінің бастығы бірнеше мәрте пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше мәрте пара алды деген күдік бойынша Қостанай қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Байжановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ол Кравчуктың көмегімен Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян мен Махмадовтан жалпы қамқорлығы, шетелдіктерді кедергісіз тіркеу мен оларға елде тұруға ықтиярхат рәсімдеу үшін 3 миллион 10 мың теңге сомасында жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді», — деп хабарлады агенттік.

29 қазандағы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Байжанов 6 жылға сотталды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шен алу құқығынан өмір бойына айырылды.

Осы үкіммен Кравчук 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берушілер Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян және Махмадовқа берген параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

ІІМ басшысы: «Бастықтар тарапынан жасалған қателіктерге көз жұмып қарамаймыз!

«ІІМ қызметі қызметкерлерге жоғары талаптар қоятын "күрделі" мамандықтардың бірі, өйткені адамдардың тағдыры олар қабылдаған шешімдерге байланысты болады. Сондықтан олар белгілі бір дәрежеде қоғам мүддесін...

«Транстелеком» АҚ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобасының ағымдағы жетістіктерімен таныстырды

Жобаның жүзеге асырылып жатқан екі жылы ішінде 275 елдімекенде жаһандық желіге шығатын 717 байланыс нүктесі орнатылды. Жоба бойынша  2021 жылға дейін жалпы ұзындығы 5,6...

«Бұйыртса, енді оралман емес, қандас дейміз – министр

"Оралман" сөзін "қандас" дегенмен алмастыру жайы талқыланып жатыр", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мәжілістен тыс дәлізде журналистерге берген...

Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап, өлтірді

Алматы облысының Шелек ауылында ит баланы талап, өлтіріп тастады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға 30 қарашада болды. Жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған бала - екінші сыныптың...

Тоқаев елордада жастармен кездесіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылуына арналған шараға қатысып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Президент қазақстандық жастармен кездесу үшін...

Құрманғазы оркестрі Қытай астанасында концерт өткізді

5 желтоқсанда Бейжің қаласында Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлы дала сазы» атты Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар...

Балқашта 7 жасар қыз үлкеннен көрген қорлығын айтып ботадай боздады (видео)

Балқашта 7 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық үлкен дауға себеп болды. Басты күдікті ретінде қамауға алынған 44 жастағы қала тұрғыны тергеу кезінде...