Басты бет Экономика Бизнес Қостанайда тойхана иелері бас көтерді (видео)

Қостанайда тойхана иелері бас көтерді (видео)

Тобыл өңіріндегі тойхана иелері бас көтерді. Кәсіпкерлер бас санитардың қаулысына қарсылық білдіріп, қалалық әкімдік алдына жиналды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Өңірлік жедел штабтың шемімімен мамырдың жиырма бесінен бастап облыстағы асхана, дәмхана, тойханаларға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда келушілер саны отыздан аспауы тиіс. Одан көп адам келсе тойхана иесіне әкімшілік іс қозғалады. Қалың кәсіпкер осыған наразы.

Нұрмахан СОПБЕКОВ, КӘСІПКЕР:

— Бізге жоқ дегенде 100 адамға рұқсат берсе. Қазіргі таңда 30 адамға рұқсат. Отыз адамға жұмыс істеу мүмкін емес. Отыз адамға істесек біз шығынды ақтай алмаймыз.

Айнагүл ИСАХМЕТОВА, КӘСІПКЕР:

— Бүкілі отыр үйлерінде. Бізге күнде звондайды қашан шығамыз деп. Уже күн көруге амалдарымыз жоқ деп. Бір екі техничкаларымыз бір жерге жұмысқа тұрды, грузчик боп істеп жатыр. Бұл не деген масқара? Күн көру мәселесі деген біздің штаттағы адамдарға қиын боп жатыр.

Үш айға созылған карантиннің салдарынан тойханаларда жұмыс істейтін жүздеген адам жұмыссыз қалды. Мәскеуде аспаз курсын тәмамдап, талай мейрамханада тамақ әзірлеген Наталья Нұржанова ақша табу үшін асхана жағалап кеткенін айтады. Екі баланың анасы тойханалар ашылмаса күн көрісінің қиындайтынына алаңдайды.

Наталья НҰРЖАНОВА, ШЕФ-АСПАЗШЫ:

Ақша жоқ. Қалай күн көретінімізді білмейміз. Қырық екі мың 500 тенгені бір рет қана алдым. Тезірек тойханалардың ашылуын күтіп отырмыз.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

— Қаладағы тойханалардың көбісінде бірнеше залы бар. Олардың кіретін есігі бөлек, тек ас бөлмесі ортақ. Тойхана иелері тым болмаса әр залға отыз адамнан отырғызуға рұқсат сұрайды.

Әкімдіктің алдына жиналғандарды сабырға шақыруға әкімнің орынбасары шықты. Шенеунік шектеу шаралары мен карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады деген ескертумен шектелді.

Андрей ФИНК, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— Туған күн, еске алу астары, түлектер кеші жалпы көп адам жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынған. Бұл шешімді біз қабылдамаймыз. Бас санитар рұқсат берсе жұмыс істей беріңіздер.

Орынбасардан ойға қонымды жауап ала алмаған кәсіпкерлер облыстың бас санитары отыратын мекемеге де барды. Ол орнында болмады. Кәсіпкерлер қаулыны қайта қарастыруға арыз жазды. Тойхана иелері карантин талаптарын толық орындауға дайын. Тіпті тойға келетін көпшіліктің қызуын тексеретін арнайы құрылғы, антисептикалық қажеттіліктерді түгел орнатамыз деп отыр. Талаптары біреу ғана : 100-150 адамға рұқсат берсе дейді.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...