Отставкаға өтініш берген шенеуніктердің аты-жөні жарияланды

290
Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі отставкаға өтініш берген шенеуніктердің аты-жөнін жариялады. Олардың қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық жасағаны дәлелденген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі отставкаға жіберу туралы екі өтінішті қарап жатыр.

«Біріншісін 28 шілде күні оның орынбасары Федяев жазды. Себебі 25 шілде күні сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Қалабаевқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді», — делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, 3 тамызда Ақжар ауданының әкімі Мадияров та өтініш берді. Оның орынбасары Досымбеков өз кінәсін мойындап, келтірген залалдың көлемін өтеді. Оған қатысты тергеу шаралары тоқтатылған болатын.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 60-бабы, 2-тармағына сәйкес отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім бір ай мерзімде президент әкімшілігімен келісіле отырып қабылдануы тиіс», — дейді агенттік мамандары.

Отставкаға тағы кім өтініш жазады

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық бойынша бірқатар іс сотта қаралып жатыр. Айыптау үкімдері заңды күшіне енген жағдайда отставкаға кету туралы өтінішті төмендегі лауазымды тұлғалар беруі тиіс:

  1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаев. Оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім 3 шілдеде шықты, прокуратураның наразылығы бойынша отырыс 25 тамызға тағайындалды.
  2. Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Есбаев. Апелляцияға өтініш берілмесе, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Құрманалиевке қатысты үкім 15 тамызда күшіне енеді.
  3. Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Өнербаев. 22 тамыз күні Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Норқұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енеді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз