Басты бет Оқиға Қоянды ауылында қаңғыбас иттер 8 жасар баланы талап тастады (видео)

Қоянды ауылында қаңғыбас иттер 8 жасар баланы талап тастады (видео)

Фотода видеоның скриншоты

Елорданың бауырындағы Қоянды ауылында қаңғыбас иттер өріп жүр. 8 жастағы мектеп оқушысына 6 ит жабылып, сау-тамтығын қалдырмады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Баланың анасы осы оқиғадан кейін де атылған ит, қауіпсіздік үшін қабылданған шешім де жоқ дейді. Қар қалың түскен ауылда тамақ таппаған иттер адамға шабуы бірінші рет емес деп отыр. Елді-мекенде жалғыз мектеп бар, ондағы балалар 3 ауысымда оқиды. Кеш қайтқан оқушылардың бірін бұған дейін де ит қапқанын айтты.

Бақытгүл МАҒЫРАПАТ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— Көршімнің баласы құтқарып қалды, әйтпесе біз білмейтін едік. Бір аяқ, бір қолы жансыз үйге келді. Кейін әкімшілікке өтініш бердім. Олар бізге ит ататындар бөлек болады, оларға өзім айтам, жауабын береді деді. Жарайды деп сол күні күттік. Телефон көтермейді. Вастаптан жазсам: мен жоғарыда отырмын, жиналыстан кейін жауап берем, деді. Бірақ әлі жауап жоқ.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

— Жауап жоқ деген шенеунікке біз хабарластық. Қазір тікелей байланыста Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеев. Қайырлы кеш, Айбек мырза! Ит ауылда өріп жүр, құр жүрмей адамдарға шабады дейді. Қауіпсіздік үшін не істеп жатырсыздар?

Айбек ЕСЕЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

— Қайырлы кеш! Осы күнге дейін қаңғыбас иттерді аулап, жоюмен ауданда мамандандырылған «Төрт түлік» коммуналдық мекемесі айналысады. Жаңағы кісі айтқан жағдайды білеміз, өтініш жазған. Біз «Төрт түлік» мекемесіне хат жолдап, тиісті іс-шара қабылданған. Ит аулайтын кісі өтініш білдірушіге хабарласқанда телефонын көтермеді. Дегенмен қаңтар айында 19, ақпан айында 24 қаңғыбас иттің көзі жойылды. Ол жұмыс ары қарай жалғастырылады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...