Басты бет Қоғам Пандемия дәстүрді бұзды – Тоқаев Астана күніне арналған шараға бармады

Пандемия дәстүрді бұзды – Тоқаев Астана күніне арналған шараға бармады

Нұр-Сұлтанда астана күніне арналған дәстүрлі шара өтті. «Атамекен» этномемориалды кешен аймағында Қазақстандағы ең үлкен мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы жолы салтанатты шараға мемлекет басшысы қатысқан жоқ. Ал Туды көтеруге мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қалмұхамбет Қасымов бұйрық берді. Осыдан кейін Әнұран ойналды. Ресми сөз сөйлеу болған жоқ. Курсанттарға офицерлік шендер де тапсырылмады.

Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, биыл карантинді күшейтуге байланысты қала күніне арналған шаралардың көбісі өтпейтін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та дәстүрлі шараға келмеді. Сондықтан бүгін мемлекеттік Туды көтеру рәсімі ғана өтті. Оған мемлекеттік күзет қызметі жауапты болды.

Ұйымдастырушылар да президенттің келмейтінін бір күн бұрын білгенін жеткізді. Бірақ техникалық жұмыстардың барлығын аяғына дейін атқару қажет.

«Біз кеше ғана президенттің келмейтінін естідік. Бірақ осы шараға техникалық жағынан жауапты болғаннан кейін аяғына дейін атқаруымыз қажет. Енді, қала бойынша мерекелік шаралардың көбісін өткізбейтін болды ғой. Адам көп жиналмасын деп, осы шараны да өзгерткен шығар», — дейді мамандар.

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстандағы ең үлкен мемлекеттік Тудың көтерілуімен қала күніне арналған мерекелік шаралар ресми түрде басталатын. Осы шараға президент қатысып, курсанттарға офицерлік шендер тапсыру дәстүрге айналған болатын.

Биыл мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап қосымша карантиндік шаралар енгізіледі. Осыған байланысты астана күніне арналған мерекелік шараларды онлайн режимде өткізуге шешім қабылданды.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...