Басты бет Қоғам Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді

Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай туралы деректі фильмнің қалай түсіріліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Иә, фильм түсіріліп жатыр. Ол сараптамалық комиссия мен ведомствоаралық комиссиядан өтті. Бәрі сәтті болды. Қазір олар жұмыстарын бастап жатыр. Аманшылық болса, жылдың соңына дейін аяқталып қалады», — деді Райымқұлова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Министр пандемия кезінде фильмді түсіру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, деректі фильмге көп адам тартудың қажеті жоқ.

«Деректі фильм болғасын көптеген нәрселер деректі құжаттардан тұрады. Сондай-ақ қорда бар бейнежазбаларды пайдаланады. Енді бұл бір сәтте жасалатын нәрсе емес. Көптен бері дайындалып жүрген үлкен әрі жақсы жобалардың бірі», — деп атап көрсетті Райымқұлова.

Айта кетейік, деректі фильм Абайдың қара сөздері негізінде түсіріліп жатыр. Бұған дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына үш деректі фильм және бір қысқаметражды кино жасалады деген жоспар болған. Бірақ жоспар өзгерді.

Сондай-ақ бастапқы кезде барлық мерекелік шараларға бюджеттен 3,2 миллиард теңге (7,2 миллион доллар) бөлінген. Пандемияға байланысты ол да 2,36 миллиард теңгеге (5,3 миллион доллар) дейін қысқарды.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...