Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды: ер адам өртенген көлікте көз жұмды

Фото: Пресс-служба ДЧС Павлодарской области

28 маусымда «Павлодар-Қызылорда» тасжолының 25-ші шақырымында Toyota Camry көлігінің 35 жастағы жүргізушісі бағыттас келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соққыдан жеңіл көлік отқа оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көлік толығымен өртеніп кеткен, одан 36 жастағы жолаушының күйіп кеткен денесі табылған.

Жапон көлігінің 35 жастағы жүргізушісі мен 23 жастағы жолаушысы Павлодар ауруханасына жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлер тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Олар көптеген жарақат алған. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.