Павлодар облысының әкімі тағайындалды

Фото: inbusiness.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Павлодар облысының жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметті Әбілқайыр Сқақов атқаратын болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын», — деп жазылған Тоқавтың жарлығында.

Келесі жарлыққа сәйкес, Болат Бақауов қызметінен босатылды.

Жаңа әкім туралы не білеміз

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы 9 шілдеде Павлодар облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «экономика және қаржы» мамандығы бойынша оқыды.

Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болған. Бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда өңірдің бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын. Оған лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдаланды деген айып тағылды, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: